«КазТрансОйл» 9 айда мұнай тасымалының көлемін 6%-ға төмендетті

Күні: 11:38, 21-10-2014.

Алматы. 21 қазан. ҚазТАГ - «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 37 млн.310 мың тоннаны құрады, бұл жоспарлы межеден 2% және 2013 жылдың 9 айындағы ұқсас нәтижесінен 6% төмен, деп көрсетілген компания хабарында.

«Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 37 млн.310 мың тоннаны құрады, бұл жоспарлы межеден 2% және 2013 жылдың 9 айындағы ұқсас нәтижесінен 6% төмен. Шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 46 млн. 032 мың тоннаны құрады, бұл жоспарлы межеден 3% және 2013 жылдың 9 айындағы ұқсас нәтижесінен 7% төмен», - делінген ақпарда.

Баспасөз парақшасына сәйкес, жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай айналымы 26 млрд. 857 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы межеден 2% жоғары және 2013 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішінен 4% аз. Шоғырландырылған мұнай айналымы 33 млрд. 081 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы межеден 2% және 2013 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішінен 3% төмен.

«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМунайГаз» АҚ ҰК еншілес компаниясы, жалпы қашықтығы 8 мың шақырымды құрайтын әртараптандырылған магистралды мұнай құбырлары желісі мен су құбыры желісін бақылап отырған Қазақстан Республикасының ірі мұнай тасымалдайтын компаниясы болып табылады.  Компания елде өндірілген мұнайдың жалпы көлемінің   59%-ын экспортқа және ішкі нарыққа шығарады.  


Жаңалықтармен бөлісу: