Әкбaр Тұқаев: ірі мұнай кен орындарында әлі пайда бар, ал ескілері шығынға батуда

Астана. 3 ақпан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақстандағы ірі мұнай өндіруші компаниялар пайда табуда, ал ескі кен орындарындағы компаниялар шығынға батуда. Соған байланысты бұған дейін Ұлттық қор мен бюджетке қаржыны мол аударып келген мұнайшылар қазір салықтық жеңілдіктер сұрауда. Саланың қазіргі жағдайы қалай және жанар май бағасының арзандауы мүмкін бе деген сұраққа ҚазТАГ-қа берген сұхбатында Қазақ мұнай және газ институтының бас директоры Әкбәр Тұқаев жауап берді.

- Қашағанда кен орны қайта қалпына келтірілгеннен кейін оның өзіндік құны қандай болуы мүмкін?

-Қашағанға көп көңіл бөлінуде, бірақ шын мәнісінде ол өзінің даму кезеңінен өтетін жоба ғана. Яғни қазір оның өзіндік құны мынадай болады деп қорқудың қажеті жоқ. Әлі жақсы жұмыс режиміне көшу үшін бірнеше жыл кетеді. Сондықтан ағымдағы қатты өзгеріп жатқан жағдайда бұл мәселені көтерудің керегі жоқ. Мәселе тек осы жобаның қалыпты іске қосылуында, кен өндіріп бастауда, сосын тек 2-3 жыл қалыпты апатсыз жұмыс режимінде ғана бұл жобаның тиімділігі туралы айтуға болады.

- Баррелі $25 жоғары болатын мұнайдың өзіндік құны қанша компанияда бар?

 
- Бізде шамамен 200 кен орны бар – әрқайсысының көрсеткіші әр түрлі. Шамамен 80 компания кен өндіріп жатыр. Осы 80 компания мен 200-дей кен орнының үштен бірінің ғана өзіндік құнының деңгейі барреліне $25-30-дан төмен. Қалғандарында жақын немесе жоғары.

 
- Сол үштен біріне Теңіз бен Қарашығанақ кіре ме?

- Иә. Бұлар қазақстандық мұнайдың бетке ұстары болып табылатын ірі компаниялар.

- Яғни бұл компаниялар өзін жақсы сезінеді және ағымдағы бағалар барысында оларда қандай да бір маржа бар деп айтуға бола ма?

- Иә. Қазір, әрине, шегінде тұр. Жалпы қазір тиімділігі төмен кен орындары бойынша мәселе маңызды болып отыр. Үкіметтің тиімділігі төмен кен орындарын қолдау бойынша қабылдаған қаулысы тәжірибе жүзінде жұмыс жасап жатқан жоқ. Ал бұл тек экономикалық аспекті ғана емес, әлеуметтік те – онда қала құрушы компаниялар бар. Сондықтан не болса да Kazenergy қауымдастығы – бізде салықтық заңнаманы оңтайландыру бойынша бірқатар ұсынсытар бар, соның ішінде тиімділігі төмен кен орындары бойынша да.

- Бірақ соңғы девальвация экспортшыларға көмектесті, соның ішінде мұнай компанияларына да. Оған қоса, мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж салығы биыл тоннасына $60-тан $40-қа дейін төмендеді. Сонымен қатар экспорттық кедендік баж салығын баррель құнына таңғылары келді …

- Бізде тағы да экспортқа ренталық салық деген бар. Ол табиғаты жөнінен экспорттық кедендік баж салығына ұқсайды. Тек мұнайгаздан түсетін салықтың негізгі бөлігі Ұлттық қорға кетіп жатыр. Үміт бар – бізде шамамен, табиғи қазбаларды өндіруге арналған салық бойынша, ЭСА бойынша, геологиялық барлау бөлігінде тиімділігі азы бойынша, 8 ұсыныс бар. Қауымдастық былтыр жазда ұсыныс жолдады, бірақ жағдай өзгермеді. Әлбетте, басқа дәйектемелер керек. Бұл жұмыс жүріп жатыр. Бізді әйтеуір бір тыңдар, белгілі бір деңгейде түсінер деп ойлаймыз. Мұнай саласы біздің экономикамыздың, халықтың әл-ауқатының өсу негізінің бірі. Қиын кезеңде бізді де қолдағанын қалар едік.

- Егер Қашағанға қайта оралсақ. Бізге 2016 жылдың соңында кен өндіру қайта қалпына келтіреді деп уәде беруде. Бұған дейін өзіндік құны баррельіне $90-95 болады деп айтылған еді. Ағымдағы бағада қайта қалпына келтіру коммерциялық тұрғыдан тиімсіз. 1-2 жылдықта қайта қалпына келтірудің жөні бар ма?

  
- Неліктен барреліне $100 деген цифрларды айтып жүрдік – жоба тез өзін ақтауы үшін. Бірақ бұл жоба 50, 60 жылда да жүруі мүмкін. Бұл супергигант, сондықтан сол кезде де мұнай баррелінің бағасы $50-60 болады деп қорқудың қажеті жоқ. Бұл тербелістің белгілі бір сәтінде операциялық шығындарды қысқарту туралы ойлану керек дегенді білдіреді. Бірақ бұл жалпы жоба мықты шығынға батады дегенді білдірмейді.
Бразилияда Тьюпи жобасы бар – оларда да мұнай тереңде жатыр және қарапайым бағалау бойынша оған $150 немесе $200 млрд жұмсалған. Оларда да Қашағандағы сияқты мәселе орын алып отыр. Қазақстан – әлемнің ең ірі мұнай-газ компанияларын тартып, осы ғажайып жоба проблемасын шешіп шығамыз деп үміттенді. Бірақ жағдай одан да күрделі болып шықты – тек біз үшін ғана емес, шетелдік компаниялар үшін де.

- Осыған байланысты Каспийдегі «Еуразия» су тереңінен өндірудің жобасы қаншалықты қызықты? Оларда Қашағандағыдан да қымбат болады. Ол бойынша нақты жұмыстар кейінге шегеріле ме?

- «Еуразия» жобасы ұзаққа созылған. Ол негізінен ғылыми-зерттеушілік бағытында – каспий өңірінің қорын нақты алуға бағытындағы. Жоғары рекордты ұңғыманы бұрғылайды, сөйтіп бірден мұнай өндіру басталады деп ойламау керек. Бұл жоба жай әлемдік рейтингтегі қор бойынша, көмірсутектерді өндіру шамамыз бойынша біздің ұстанымымызды барынша жақсартуы мүмкін, себебі әлемдегі мұнай азайып барады, ал соңғы 50-60 жылда сұраныс артуда. Ол үш рет түсті, онда да әлемдік дағдарыс есебінен, 2008-2009 жылдары, немесе Парсы шығанағындағы таяу шығыс проблемалары есебінен болды.
Басқа уақытта жыл сайын әлемде мұнайға деген сұраныс тәулігіне 1 млн баррельге дейін артуда.
10-15 жылдан кейін көптеген елдер үшін көмірсутектерді қайдан және қай ақшаға аламыз деген сұрақ туындайтын болады. Тіпті оның баламасы туралы да айтып жатыр, «Тесла» және т.б. машиналары, бірақ олар да пластиктен жасалатын машиналар, - оларда мұнай өнімдері, егер көмірден бас тартса, онда сол электр энергиясын, мазутты, газды алайық. Олар да көмір сутектер. Мұнайдың теңдесі жоқ өнім екені соншалық, ол аз дегенде ғасыр соңына дейін жақсы сұранысқа ие болады, және егер «Еуразия» жобасы бойынша жақсы мәліметтер алсақ, онда еліміздің болашағы үшін көмірсутектік әлеует пен қауіпсіздіктің көмсірсутектік қорын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін аламыз.

 
- «Теңізшевройл» мен «Қарашығанақ» өнімдерін кеңейту оларға көмірсутектер өндірудің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік бере ме әлде бұл тек өндіріс көлеміне ғана ықпал ете ме?

- Ол жақта осы мәселелерге үлкен мән берілуде, бірақ ол жақта онымен қоса өндіріс көлемін арттыру, мұнай өндірудің өзіндік құнына әсер ететін барлық заманауи технологияларды енгізу мәселелері де шешілуде. Бұл бір айда, екі айда немесе бір жылда шешілетін шаруа емес.

- Қарағанды облысында жер қабатынан метан өндіруге, көмірді ЖЖМ етіп қайда өңдеуге келсек. Қазақстанда бұл жобалар қандай көлемді өндіре алады?

- Бұл жерде мәселе бірнеше жүз мың тонна туралы болжамда, бірақ Қытайдың мұнай-газ саласындағы «Цинхуа» компаниясы осы бағыттағы пионер және көшбасшы болып табылады. Біздегі көмір қоры өте мол, және олардың бір бөлігі, қатты айтсақ, тоқтап тұр және олардың ары қарай дамуы да күмәнді.
Еліміз үшін қажет осындай мұнай өнімдерін алу арқылы көмір ресурстарын қолдану, менің ойымша, өте болашағы бар жоба. Әлбетте, оған мол қаржы салу керек. Олар бірнеше жүз миллион доллар салғылары келеді, бірақ Қытайдың қазір инвестициялық мүмкіндіктері шектеулі емес. Сондықтан Қазақстан мен Қытай өзара келіскен жағдайда бұл жобаның болашағы зор болар еді деп ойлаймын.

- Энергетика министрлігі 2021-2020 жылдары қазақстандық нарықта ЖЖМ тапшылығы қайталануы мүмкін деп отыр. Төртінші МӨЗ құрылысы бойынша қандай нұсқалар қарастырылуда: қай жерде салынады және қуаты қандай болады?

- Біздің елімізде мұнай өңдеуші кешеннің негізгі проблемасы тіпті де 4-шісін немесе 5-шісін салуда емес, ол үшін инвестициялық ресурсты қайдан табуда? Себебі кезінде енді қалай болар екен деп ойланғанбыз. 1990 және 2000 жылдары мүмкін шағын МӨЗ салсақ па екен деп ойладық. Алайда бүкіл әлемде сапаға деген талап күшейтілуде, сондықтан ірі МӨЗ салу қажет, себебі тек соның ғана автокөліктерге және т.б. қойылатын заманауи талаптарға сәйкес өнім шығаратын лицензиарларды тартуға және т.б. күші жетеді. Неге кезінде «ҚазМұнайГаз» жеке меншікте болған барлық үш МӨЗ-ді өзінің қанатына астына сатып алды, себеп - жаңарту мәселесін шешу және қаржы салу үшін инвестициялық ресурстарды іздестіру. Аз да болса бұл мәселе ішінара шешілуде. Әлбетте, «ҚазМұнайГаз» бәрін бірден төлей алатындай ірі әмиян болмағандықтан, барлық үдерістерді жүзеге асыру үшін (жобалау, жоба бойынша керекті әріптестерді тарту) , бұл мәселе созылып кетті.
2020 жылдан кейін төртінші зауыт қажет болуы мүмкін шығар, және энергетика министрлігі бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр . Әсіресе, Ақтау жиі айтылуда. Бұл Жезқазғандағы нұсқа, Оңтүстік Қазақстандағы нұсқа. Осы жобаның барлық ілеспелерін нақты үйлестіре білу керектігі басқа мәселе. Бұл инвстиция тарту мүмкіндігі , лицензиарлар тарту мүмкіндігі.
2020 жылдан кейін мұнай өнімдерінің жетіспеушілігі бірнеше миллион тоннаны құрайды, ал заманауи беталыс сондай, 10 млн тоннаны қайта өңдейтін зауыт салу керек болады. Ал сосын ішкі нарыққа шықпайтын өнімді қайда жібереміз? Солтүстігімізде мұнай өңдеуші саласы дамыған Ресей, шығысымызда мұнай өңдеуші саласы одан да қуатты Қытай, Каспий арқылы санкцияда отырып, енді қазір мұнай өңдеу саласын дамытуды бастаған Иран тұрғанда оны қайда экспорттаймыз?

 
- Орта Азия елдеріне...

- Орталық Азияға ресейліктер жеткізуде. Бұл жерде тырысып, бірнеше жылда сол МӨЗді салуға болар, бірақ сосын ол өніммен не істейміз? Егер болжам жүзеге асса, онда төртінші МӨЗ 2020 жылдан кейін ғана өзекті болады.

- Бірақ оның құрылысын қазірден – жақын жылдары бастау керек болып тұр ғой...


- Иә. Меніңше жұмыс басталып та кетті. Әр түрлі жобалар қарастырылуда, бәсекелескен әр түрлі жобалар өз үлгілерін ұсынуда.

- Олар шетелдік инвесторлар ма, әлде жергілікті инвесторлар бар ма?

- Біздің МӨЗ-дер жекешелендіруге бара жатқанда, алдымен шетелдік инвесторлар болар.

- Сіз бір шетелдік инвестор үш МӨЗ-дегі үлесін сатып алып, төртінші МӨЗ салуы мүмкіндігін теріске шығармайсыз ба, себебі оған барлығын бір қолда ұстап тұру оңай емес пе?

- Антимонополдық құрылым біздің экономикаға шығын келтіруі мүмкін ондай шоғырлануларға жол бермес деп сенеміз.

- Біздегі көмір қоры жүздеген жылға жетеді. Теориялық тұрғыдан олар көмірді ЖЖМ-ге өңдеуді бірнеше дәрежеге көтере алады. Сонда бізге төртінші МӨЗ керек болмай, оның орнына көмірді ЖЖМ-ге айналдырсақ жетпей ме?

- Онда технологиялық тұрғыдан сұрақтар бар, себебі негізінен Еуро-5 класындағы бензин керек, т.б. ал қытайлықтар негізінен «дизелдікотын» класындағы мұнай өнімдеріне арқа сүйеп отыр. Бірақ технологиялар дамитын болса, онда тек плюс болар еді. Меніңше оларда қайтадан осы жобаға қатысты үйлестіруде проблемалар туындады. Олар оған салықтық жеңілдіктер сұрауда, әрине бұл жоба тоқтап қалды. Бұл жоба Қытай басшысының сапарында үйлестірілген, сондықтан оны іске асыру керек.

- Егер мұнай баррелі $20-ға дейін арзандап, немесе $50-ге дейін қымбаттаса бензин бағасы қалай өзгереді?

- Бізде импорт факторы орын алады. Нарықты қанықтыру үшін ресей бензині мен басқа да бензинге жол ашу керек. Бұл ретте ондағы бағалар жоғары болады – әрине, бізде өндірілген мұнай өнімдері де қымбаттайды, себебі біз мұнай нарығындағы бәсекелестік ортадан өтіп жатырмыз.
Мұнай нарығындағы трендтер орныққан соң, антимонопольдық орган мен мұнай трейдерлерінің өздері, АМҚС және мұнай базалары өзара қарым-қатынасты реттеудің тиімді жолын табар, себебі қазір нарықтың тым құбылмалы болуынан ешкімде де тұрақты ұстаным болмай отыр.

- Егер мұнайдың баррелі $20 болса, онда қазір литрі 125 тұратын АИ-92 бензинінің бағасы қалай өзгерер екен?

- Аздап арзандайтын шығар деп ойлаймын. Кем дегенде литріне 10 теңгеге арзандауы керек. Ал ол бағаларды доллармен есептеу басқа мәселе. Энергетика министрі Владимир Школьник бізде доллармен алғанда баға өскен жоқ, керісінше арзандады деп айтқан болатын. МӨЗ-дерде өз ұстанымдары бар, олар зауытты жетілдіруге кеткен шығындарын өндіріп алғысы келеді, ал бензин импорттаушылары өздерінің маржаларын алғысы келеді.
Бұрындары бензин бағасы қалай анықталушы еді? Энергетика министрлігі қаулы қабылдайтын: мұнай бағасы осындай болуы себепті бензин бағасын көтеруді немесе арзандатуды ұсынамыз деп. Осыдан кейін қаржы министрлігі мен экономика министрлігімен, «әділет министрлігімен, маман, белді маман, бөлім бастығымен, департамент директорымен үйлестіру басталатын. Нәтижесінде мұнай бағасы екі жаққа 100 есеге кетуі мүмкін еді.
Кейін, біраз уақыттан соң пәтуаға келіп, министрлер деңгейіне шыққан кезде, олар қол қойғанда, мұнай бағасы мүлдем басқаша болып кететін. Біздің икемсіз бюрократияның салдарынан бұл мүлдем барабар болмай шығатын. Мен Қарабалинге (бұрынғы энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин – ҚазТАГ) кеңесші болған кезде көзқарасым бар еді. Бензин бағасын қатаң түрде мұнай бағасына телу туралы, бірақ онда да осы процедуралардан өту керек болды, ол кезде бензин бағасын еркіндікке жіберу туралы да сөз болған. Мен біз әзірге мұнай өнімдерін импорттап тұрған кезде мемлекеттік реттеу керек деп есептеймін.


- Сіз барлық ЖЖМ туралы айтып тұрсыз ба, әлде октандығы жоғары бензин туралы ма?

- АИ-92, АИ-95.

- Болжам бойынша мұнай бағасы барреліне $40-50 болмақшы. Онда баға қандай болады? АИ-92 бағасы «пистолетте» қымбаттай ма немесе оларда бағаны ұстап тұратын резерв бар ма?

- Бұл жерде көбісі халықтың көңіл-күйіне байланысты болады. Егер үкімет мұнай бағасының қымбаттағанын көріп, бензин бағасын да көтеруі қиынды болғанымен, халық үшін жалпы кіріс деңгейі мен инфляцияға қатынасы өте ауыр тиетін болса, онда мен банзин бағасы күрт қымбаттай қояды деп ойламаймын.

- Сіз мұнай бағасы барреліне $20 болғанда АИ-92 литріне 115 теңгеге дейін арзандайды деп айттыңыз. Егер мұнай бағасы барреліне $40-50 болса, АИ-92 қаншаға қымбаттар екен - 10-20 теңгеге ма?

- Аздаған тербелістер, әрине болар. Бірақ біздің теңге бағамының долларға қарағандағы тербелісіндей емес. Бізде нан бағасының қымбаттауын бензин бағасының қымбаттауымен түсіндіріп келді. Екі жыл бұрын бензин бағасы арзандады. Арнайы статистиканы қарадық, біреуі болса да нан бағасын арзандатса ғой. Азық-түлік бағасын, қызмет бағасын – бұрын шығындарының 30-40% ЖЖМ шығындарымен байланысты дегендердің барлығы да бағаларын арзандатпады.

- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage