«Кеңқияк–Құмкөл» мұнай құбыры арқылы 10 жылда 52 млн тонна мұнай тасымалданды

Астана. 4 желтоқсан. КазТАГ – «Кеңқияк–Құмкөл» мұнай құбыры арқылы 10 жылда 52 млн тонна мұнай тасымалданды, деп хабарлады «ҚазТрансОйл» (ҚТО) АҚ баспасөз қызметінен.
«Отандық МӨЗ-дерге мұнай тасымалдау көлемдері жыл сайын өсіп келеді. Он жылдың ішінде «Кеңқияқ-Құмкөл» арқылы 52 млн тонна мұнай айдалды. Оның ішінде 24 млн тонна – экспортқа, 28 млн тонна – ішкі нарыққа тасымалданды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, баста «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбырының өткізу қабілеті жылына 10 млн тонна мұнай құраған.
«Қазақстан-Қытай мұнай құбырының екінші кезегі іске қосылып, «Кеңқияқ-Атырау» учаскесінің реверсі жобасы іске асырылғаннан кейін құбырдың өнімділігі жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғаяды», - деді ҚТО.

adimage