KEGOC басшысы IPO-ға шығар алдында компанияның тиімсізділігін тілге тиек етіп отыр

Күні: 15:02, 04-11-2014.

Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев компания акцияларының «халықтық IPO»-ға шығу қарсаңында оның тиімсіз жұмысын тілге тиек етіп отыр.
«Мемлекет басшысының біздің компанияның тиімсіздігі туралы айтқанына қатысты, бұл – расында солай. Егер әлемдік озық компаниялармен салыстырсақ, онда көптеген қызмет көрсеткіштері бойынша біз қалып келеміз және соның ішінде тарифтік реттеу, тағы басқа көп факторлар тұрғысынан. Бірақ біз компаниямыздың тиімділігін арттыруға бағытталған компанияның ұзақмерзімдік өз стратегиясына иеміз, және де біз алдағы уақытта біздің қызметіміздің көптеген көрсеткіштері әлемдік өлшемдер маңына жуықтайды ғой деп ойлаймыз», - деді Б. Қажиев сейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Ол сондай-ақ компания қызметкерлерінің алынған сыйақыларына акцияларды сатып алу мүмкіндігін түсіндіре кетті.
«Сыйақы берудің тәртібі бар, яғни егер компания табыс тапса жұмыскерлерге арналған тоқсандық сыйақылар бар. Егер компания табыс көрмесе, сыйақы берілмейді. Және компанияның барлық қызметкерлері республиканың қалған азаматтарымен бірдей түрде компаниямыздың акцияларын сатып алуға құқылы және бұл олардың құқығы. Біздің компания қызметі туралы ұсынып отырған ақпаратымызға қарай, әр адам сатып алу-сатып алмау жағын өзі шешеді», - деді ол компанияның инвестициялық тарихына сенетінін толықтыра кетіп.
Ол «халықтық ІРО»-ға шығу қарсаңында компанияның $600 млн ішкі қарызы бар екенін еске салды.
«Бүгінгі таңда компания қарызы 600 млн долларды құрап отыр. Біздің компаниямыздың шотында бір, тіпті бір жарым-екі жыл көлемінде қарыз қызметін көрсетуге мүмкіндік беретін валютаның айтарлықтай қоры бар екенін айтқым келеді. Одан басқа, тарифті белгілеу біздің қарыздар қызметі бойынша барлық борышымызды толықтай өтеуге мүмкіндік береді, және біз үкіметпен әрқашан нақты диалог жүргіздік. Және алда да, ІРО-ға шыққаннан кейін де, мен бізде – үкімет пен компания – компанияны сақтау бойынша ортақ міндеттеме болады деп ойлаймын, себебі ол компания Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие», - деп түйіндеді Б. Қажиев.


Жаңалықтармен бөлісу: