KEGOC директорлар кеңесінің төрағасы ауысты

Күні: 16:21, 05-11-2018.

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ - Алмасадам Сатқалиев «KEGOC» АҚ директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып сайланды, деп хабарлады, (KASE) қазақстандық қор биржасы сайтынан.  
«KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы  А. Сатқалиевті (…) директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылдады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.  
KEGOC акционерлерінің жиналысы 2 қарашада өтті.
Жаңа қызметте  А.Сатқалиев 2018 жылдың сәуірінен бастап «KEGOC»  АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып келген  Ибрагим Тағашевті ауыстырды.
Еске салсақ, А. Сатқалиев бұған дейін  «KEGOC» АҚ-да келесі қызметтерді атқарды: қаржы директоры, бірінші вице-президент,  «KEGOC» АҚ бойынша топтың жетекші-директоры, президенті. 2018 жылдың шілдесінен бастап   А. Сатқалиев «Kazenergy» ЗТҰ төрағасының орынбасары болған.  


Жаңалықтармен бөлісу: