Келімбетов Тоқаевқа Әлеуметтік кодекс жобасы туралы баяндады

Күні: 18:28, 19-04-2021.

Астана. 19 сәуір. ҚазТАГ – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әлеуметтік кодекс жобасы туралы баяндады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Кездесу барысында 21 сәуір күні өтетін Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бесінші отырысының күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ұлттық жобаларды, оның ішінде, цифрландыру және агроөнеркәсіп кешенін дамыту салаларындағы бағдарламаларды әзірлеу тәсілдері қаралды. Мемлекет басшысына Әлеуметтік кодекске және «жаңадан» реттеу тетіктеріне қатысты ұсыныстар туралы ақпарат берілді», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке ұлттық жобалардың тізімін және оларды қарастыру тәртібін пысықтауға қатысты бірқатар тапсырма берді.


Жаңалықтармен бөлісу: