Кентау индустриялы аймағында электростанса іске қосылды

Шымкент. 10 маусым. ҚазТАГ  Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау индустриялы аймағында электростанса іске қосылды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Кентау индустриялы аймағында электростанса іске қосылды. Оның қуаттылығы 6300 кВт құрайды. Бұл электроэнергияны сол индустриялы аймақтың аумағында орналасқан кәсіпорындар төмен бағамен алатын болады. Әзірге электрді тек Кентау трансформатор зауыты ғана алып отыр», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі сәрсенбіде.
Кентау индустриялы аймағы 41,7 га аумақты алады. Мұнда кәсіпорындарды іске қосу бойынша құрылыстық-монтаждық жұмыстар толық қарқынмен жүріп жатыр, солардың бірі трансформатордың бөлшектерін шығаратын болады, ал екіншісі  асфальт өнімін. Одан өзге, бұнда алдағы уақытта ортақ құны Т28 млрд 426 млн-ды құрайтын 7 кәсіпорын әрекет етуді бастайын болады.

adimage