Кентаудағы зауытта трансформатордың сериялық өндірісі жөнге салынған

Күні: 10:58, 11-11-2014.

Шымкент. 11 қараша. ҚазТАГ – Кентаудағы зауытта 60 мың киловольт-амперге дейінгі қуаттылығы бар трансформаторлардың сериялық өндірісі жөнге салынған, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Қазір мұнда 63 мың киловольт-амперге дейінгі қуаттылығы бар трансформаторлардың сериялық өндірісін жөнге салдық», - деді зауыт менеджері Серік Айтөреев сейсенбіде.
Мұнымен қатар ол зауытта жаңа цехтердің ашылуы жабдықтаушы импортынан ішінара бас тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Жаңа цехтердің ашылуы импорттан ішінара бас тартып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Біз қазір жабдықтаушыларды трансформаторлар өндірісі үшін әкелудеміз, ал бұл қымбат, сондықтан да өндірісті өзімізде жөнге салуымыз керек», - деді Айтөреев.
Ол зауыт мемлекеттік қолдауымен банкроттықтан шыға алатындығын еске салды. Алдағы уақытта моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша тағы 3 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
«Ондай жағдайда әлі көрші елдерден сатып алып отырған жабдықтаушыларды тікелей Кентауда өндіре аламыз», - деп түйіндеді С. Айтөреев.


Жаңалықтармен бөлісу: