Кепілсіз тұтынушылық несиелер үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар қанша сомада есептен шығарылғанын Ұлттық банк айтып берді

Күні: 16:38, 29-08-2019.

Астана. 29 тамыз. ҚазТАГ - Валентина Владимирская.
30 шілдеде банктер мен микрокредиттік ұйымдар (МКҰ) 1,192,834 қарыз алушыға 33,62 млрд.теңгеден астам айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарды, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкі (ҰБ) төрағасының орынбасары Олег Смоляков.
«Президенттің қарыз жүктемесін азайту жөніндегі шешіміне сәйкес, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін ел азаматтарына есептелген айыпақы, өсімпұлдар мен өсімақыларды, яғни банктер мен микрокредиттік ұйымдардағы кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қайтару шаралары қабылданды. 30 шілдеде банктер мен МКҰ 1,192,834 қарыз алушыға 33,62 млрд теңгеден асатын кепілдіксіз тұтынушылық қарыздар үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруды аяқтады», - деді Смоляков бейсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, айыппұлдар мен өсімпұлдар бірінші кезекте банктер мен МКҰ-ның өз қаражаты есебінен кешірілді. Сонымен бірге, 15 тамызда үкіметтің қаулысында анықталған Проблемалық несиелер қоры (ПНҚ) есептен шығарылған қарыз сомасының 30% -ын өтеуді белгіледі. Осылайша, 1 шілдедегі жағдай бойынша барлық азаматтарға айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару жұмыстары толығымен аяқталды.


Жаңалықтармен бөлісу: