Кеше Тоқаев Ташкентке мемсапармен келді

Астана. 15 сәуір. КазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14 сәуірде мемлекеттік сапармен Ташкентке келді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Құрманғали.
«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14 сәуірде мемлекеттік сапарымен Ташкентке келді. Сапары аясында Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевпен.тар және кең форматтарда келіссөздер өткізеді, екіжақты бірқатар құжаттарға қол қойылады, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құрал өкілдері үшін мемлекет басшыларының брифингі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының ресми ашылу салтанатына қатысады», - деп жазды Құрманғали өзінің Facebook парақшасында.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің баспасөз қызметінің ақпарынша, Ташкент халықаралық әуежайында Тоқаевты Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алған.
«Мемлекеттік сапардың негізгі шаралары 15 сәуірде Көксарай резиденциясында өтеді», - деді Мирзиеевтің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін хабарланғандай, 14-15 сәуірде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары болады.
Еске салсақ, 2019 жыл Өзбекстанда Қазақстан Жылы деп жарияланған.

adimage