Кешірілген павлодарлық журналист Голышкин жазаның өтелмеген мерзімі үшін Т860 мың айыппұл төлеуі керек

Павлодар. 12 тамыз. ҚазТАГ - Президент кешірген павлодарлық журналист Ярослав Голышкин жазаның өтелмеген мерзімі үшін Т860 мың айыппұл төлеуі керек. Тиісті шешімді сот дүйсенбіде қабылдады. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісі хабарлайды.
«Материал бүгін жабық сотта қаралды. Судья - Әсет Сүлейменов. Қазақстан Республикасы Президентінің «Сотталғандардың кешірімділігі туралы» жарлығы негізінде ол (Ярослав Голышкин) жазаның өтелмеген бөлігіне T864 181 айыппұлмен ауыстырылды. Шешім күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде ол мемлекет кірісіне айыппұл төлеуі керек, яғни ол үкім шығарылғаннан 15 күн өткен соң. Жазаның өтелмеген бөлігі - 3 жыл 9 ай 4 күн», - деді дүйсенбіде Павлодар қаласының №2 сотының бас маманы Гүлсім Ахтаева.
Бұрын хабарланғандай, 10 тамызда Құрбан айт қарсаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналист Ярослав Голышкинді және кәсіподақ белсендісі Ерлан Балтабайды кешірді: бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлға ауыстырылды.
Павлодарлық «Нұсқа» апталық қоғамдық-құқықтық газетінің редакциясы Голышкиннің «оралғанымен, әлі жұмысын бастаған жоқ» деп хабарлады.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың қазан айында қылмыстық істер бойынша Павлодар ауданаралық мамандандырылған соты Павлодар облысының сол кездегі әкімі Қанат Бозымбаевтан (қазіргі Қазақстан Республикасының Энергетика министрі), бопсалау ісі бойынша сотталушыларға үкім шығарды, оның ішінде Ярослав Голышкинді жазасын қатаң тәртіптегі  түзеу колониясында өтейтіндей етіп 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сот жабық өтті.

adimage