Алматы. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сейсенбіде Т385,9/$1 болды.
Дүйсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,58-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т385,75 – Т386,21 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $110,59 мың болды.
Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы 0,58-ге өсіп, Т385,9/$1 болды
