Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,15-ке өсіп, Т384,22/$1 болды

Алматы. 23 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сейсенбіде Т384,22/$1 болды.
Дүйсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,15-ке түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т383,7 – Т384,86 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $117,72 млн болды.

adimage