Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы жұмада Т387,73/$1 болды.
Бейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,2-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т387,3 – Т388 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $78,834 мың болды.
Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,2-ге түсіп, Т387,73/$1 болды
