Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,26-ға түсіп, Т387,99/$1 болды

Күні: 18:02, 30-09-2019.

Алматы. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы дүйсенбіде Т387,99/$1 болды.
Жұмадағы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,26-ға өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т387,7 – Т388,22 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $87,19 мың болды.


Жаңалықтармен бөлісу: