Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,36-ға өсіп, Т384,21/$1 болды

Күні: 17:45, 31-07-2019.

Алматы. 31 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде Т384,21/$1 болды.
Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,36-ға түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т384 – Т385,25 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $135,14 мың болды.


Жаңалықтармен бөлісу: