Алматы. 2 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде Т388,91/$1 болды.
Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,42-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т388,25 – Т389,2 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $74,067 мың болды.
Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,42-ге түсіп, Т388,91/$1 болды
