Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0.45-ке түсіп, Т388,5/$1 деңгейінде қалды

Күні: 18:03, 30-10-2019.

Алматы. 30 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде Т388,5/$1 болды.
Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,45-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т388 – Т388,8 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $109,713 мың болды.


Жаңалықтармен бөлісу: