Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,51-ге түсіп, Т388,9/$1 деңгейінде қалды

Күні: 17:47, 06-11-2019.

Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде Т388,9/$1 болды.
Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,51-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т388,5 – Т389,1 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $91,226 мың болды.


Жаңалықтармен бөлісу: