Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,53-ке өсіп, Т384,57/$1 болды

Күні: 19:10, 30-07-2019.

Алматы. 30 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сейсенбіде Т384,57/$1 болды.
Жұмадағы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,53-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т384,49 – Т384,9 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $192,055 мың болды.


Жаңалықтармен бөлісу: