Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,54-ке түсіп, Т390,4/$1 болды

Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде Т390,04/$1 болды.
Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,54-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т389,48 – Т390,35 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $137,349 мың болды.

adimage