Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,6-ға түсіп, Т383,62/$1 болды

Күні: 19:05, 05-07-2019.

Алматы. 5 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы жұмада Т383,62/$1 болды.
Бейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,6-ға өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т383 – Т384,45 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $203,91 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: