Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,8-ге түсіп, Т385,01/$1 болды

Күні: 18:16, 01-08-2019.

Алматы. 1 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде Т385,01/$1 болды.
Сәрсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,8-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т384,8 – Т385,2 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $142,213 мың болды.


Жаңалықтармен бөлісу: