Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,86-ға өсіп, Т386,04/$1 болды

Алматы. 21 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде Т386,04/$1 болды.
Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,86-ға түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т385,9 – Т386,5 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $175,38 мың болды.

adimage