Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,13-ке түсіп, Т387,64/$1 болды

Алматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде Т387,64/$1 болды.
Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,13-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т387– Т387,99 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $110,38 мың болды.

adimage