Алматы. 29 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде Т378,8/$1 құрады. Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т2,04-ке түсті
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т378,25 – Т379,66 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $120,053 мың болды.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26