Астана. 9 сәуір. КазТАГ – Динара Жаркеева. Кезектен тыс сайлау туралы шешім өте маңызды әрі қажет, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім. Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. (ҚР президенітінң – ҚазТАГ) Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау - өте маңызды әрі қажетті қадам», - деді Тоқаев сейсенбі күні қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде.
Бұған дейін хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы өтетін күнді атады.
«Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым», - деді Тоқаев сейсенбіде қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап мемлекет басшысы қызметіндегі өз өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Кезекті президент сайлауына дейін мемлекетті сенаттың экс-спикері Тоқаев басқаратын болады.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51