Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИН: ҚАЗАҚСТАН ЕҢ САЛМАҚТЫ ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРГЕ ТАП БОЛАДЫ

- Премьер-министрдің ауысуы теңге девальвациясынан кейін емес, неге тап қазір орын алды?

- Қырымда «жасыл адамдардың» пайда болуынан кейін, Назарбаевтың бүкіл Еуразия әлемі, ТМД-ға кіретін елдердің көпшілігі, ҰҚКҰ бойынша барлық серіктестердің өзгеше бір геосаяси өзгеріспен оянғанын өте жақсы түсінгеніне сенімдімін. Ол өткен ғасырдың 90-жылдарынан бері қарай ең салмақты қауіп-қатерлерге тап болғандығын жете ұғынды. Ол кезде тіпті мемлекет те, мемлекеттік институттар да болған жоқ, қазір ол бар, Ұлттық банкі бар, көптеген министрліктер бар. Бірақ әзірге ол үшін солардың қалай жұмыс істейтіндігі екінші кезектегі мәселе болған еді. Ал енді ол бірінші қатардағы мәселе болып шыға келмек.
Қазір ол Назарбаевпен күрестегі қандай да бір тұрақсыздық пен халықтың наразылығын ең алдымен сыртқы күштер пайдаланып кететіндігін түсінеді. Сол күштер Жаңаөзендегі жеті айлық көтерілістен шашау шығармай, президент баяндамаларында жылтыр көріністі қамтамасыз етіп, онда барлығы бақылауда, бұл тек одан да көп ақша алуға тырысқан тойынған жұмысшылар деп сендіріп келді. Енді президентке әлеуметтік жүйені құлаудан және экономиканы тоқыраудан сақтап, адамдар жақсаруды сезінулері үшін өсім нүктесін беру керек.
Екіншіден, Назарбаев іс жүзінде өзінде әскердің жоқ екенін ұғынып, ақыр соңында сол бөлікке өзінің білетін адамын бағыттау туралы шешім қабылдайды да, өзінің маскүнем еместігін, тәртіпті екендігін және ондағы сыбайлас-жемқорлыққа толы бейберекеттікті тоқтату қолынан келетіндігін, әскер проблемасын шешу қажеттігін түсінді. Бірақ ең үлкен қатер елдің тәуелсіздік алғанына 23 жыл толғанынан кейін тәуелсіздік жайын қайта шешіп, геосаясатта серік анықтауда болып отыр.
Өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, біздің мультивекторлы әлем үш потенциалды бағытқа дейін тарылды. Бізге Батыс, Шығыс және мәңгі бақи көрші және одақтасымыз Ресей арасында таңдау жасау керек. Қазіргі таңдауымызға біздің елдің алдағы жүз жылдық тағдыры және біздің тәуелсіз мемлекет болу-болмауымыз байлаулы.
Егер ішкі міндеттер мен әртүрлі екі жақ топтарының сіңіріп отырған алуан өңір азаматтарының наразылығына үнемі бұрылуға тура келсе, бұл міндетті шешу Назарбаев үшін өте қиын болады, жағдай тұрақталмайды. Серіктестің тең жағдайын иемденуге деген дұрыс таңдау үшін уақыт аз, ал сөз жеткіліксіз болып шықты. Өмірлік достық пен ағайындық туралы аты шулы келісімдер жұмыс істемейді. Өз тұрақтылығыңа салмақты сыртқы саяси қамтамасыз етілім керек.
Біз енді АҚШ, Ресей және ҚХР-мен бір мезгілде стратегиялық серіктес бола алмаймыз. Капитал стратегиясы тұрғысынан біз Батысқа бет алуымыз керек, бірақ геосаясат және қауіпсіздік тұрғысынан біз шұғыл арада серіктес таңдауымыз керек. Себебі оның 6 мыңнан астам километр оңтүстік шекарасы әлі күнге дейін жұмсақ қарын күйінде қалып отырғанын біле тұрып, шешім қабылдаймыз дегенше, Ресей де шексіз күте алмайды емес пе. Олар да түсінгісі келеді, Қазақстан міндеттемелерге тығыз байланған одақтас па, әлде тек дәл қасында тұратын, бірақ алыс бағыт-бағдары бар тілектес қана болып табыла ма. Және бұл РФ басшылығының жүріс-тұрысынан көрінеді. Бірақ бұған тек бір Назарбаев қана жауап бере алады, ал Қазақстандағы саяси жүйе таңған күшіне орай премьер-министрдің бұл жерде қатысы жоқ. Дегенмен президентке бұндай жағдайларға қол астындағы Кәрім Мәсімов  басқалардан жақсырақ бейім екендей көрінеді.

- Оның қайта оралуынан Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынастың дереу салқындауы жағдайында қытайлық вектор Астана үшін бірінші кезекте болады деген белгіні көрмейсіз бе?

- Бір ғана тұлғаның, мейлі ол премьер-министр болсын, тағайындалуынан әлдебір геосаяси төңкеріс көру бұл – қате бағалау. Оған қоса, Қытайды білу керек. Оның басты мүддесі ол – Қытайдың өзі. Оның қазіргі стратегиясы «үй тапсырмалар» шешілмейінше, әлемді өз маңында мейлінше шоғырландыра тұруында болып отыр.
Осындай негізгі міндеттердің бірін шешу үшін ҚХР жаңа басшылығы қатаң әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жасау, және, ең бастысы, саяси бюроға өңірлік саяси және партиялық элита қарсылығына төтеп беру мүмкіндігін беру үшін арнайы орган құрды. Бір-бірінің әсерін теңдестіруші саяси институттар жүйесінің жоғалуына байланысты, бізде де сондай проблема бар емес пе.

- Не нәрсені меңзеп отырсыз?

- Біздегі бар биліктің вертикалі жоғарыдан болған тағайындауларға құрылған. Өңірлерді басқаруға тағайындалған адамдар сол жерге өз командаларын (бірақ оны тіпті команда деуге де болмайды, нақтырақ айтқанда, колодасын) апарады және сонда, оларға сеніп тапсырылған аумақта, оларды семірту басталады. Ал сол адамдар байи салысымен, бірден өздері үшін биліктің жаңа қабаттарын іздеуге бет алып, «билігін итеру үшін» элита арасындағы мүмкін болған барлық топтарға кіріп бағады.
Жаңаөзенде болған жағдай мен Атырау облысы басшылығына қолданылған қатаң іс-шаралардан кейін олар тынышталып қалғандай болды, бірақ ондай нәрселер түп тамырымен жоғалмайды. Бұл сәл желге тұтанып шыға келетін жалынсыз алау секілді. Бірақ бізде әзірге ҚХР жаңа басшылығының өнегесіне еру жоқ, алайда жауапты қадамдар үшін, тағы бір қайталаймын, уақыт аз.
Әзірге біздің экономика жағдайы соншалық нашар халде емес, бірақ ол нашарлауда. Бірақ шешілуі тиіс үлкен міндеттер бар кезде, әркез арнайы орган құрылатын. Кезінде Сталинге атом бомбасы керек болғанда, ол сондай органды құрды да, оны басқаруды Берияға тапсырды. Міндет орындалды, бұл тарихтың дерегі, Сталин мен Берияға кім қалай қарасын-қарамасын.
ҚХР компартиясының көшбасшылары бір жыл бұрын жағдайды және өңірлік элиталарды басқару үшін арнайы орган құрды. Онда жақсы жұмыс істейтін полиция мен әскер де бар, партиялық органдар да бар, тіпті орындардағы өзін-өзі басқаруға дейін бар, бірақ бейжіңдегілер экономиканың барлық мерзімі жеткен реформаларының ілгергі дамуына орындардағы партияның жеке бюрократиясы қолбайлау болып отырғанын түсінді.
Осыған ұқсас проблема Қазақстанда да бар. Бірақ оны аталған проблеманың қайнар көзі болып табылатын аппараттың қолымен шешуге болмайды! Біздің негізгі қиындықтарымыз сыртқы жаулардан емес – не ЦРУ, не ФСБ-дан да, керісінше жеке бюрократиямыздан. Ротацияның қалыпты тетіктері жоқ кезде, өзара алауыздық соғыстар болады, олардың бірі Жаңаөзенде қантөгіспен аяқталды. Басқасы болмасын деп Құдайдан тілейік.

- Майдан айналасындағы қызықты жағдай – украин олигархы Дмитрий Фирташтың қамауы орын алды. Бұл жағдайды қазақстандық олигархтар байқады ма?

- Майдандағы жағдайлармен байланысты украин бай адамдарының қамауы мен шоттарының қатырып тасталуы ТМД бүтін кеңістігіндегі бүкіл олигархтардың мазасын қашырғанына бек сенімдімін. Себебі олардың байлығы не билікте толық болуға, не ішінара отыруға құрылған ғой – бір аяғымен анда, бірімен – бизнесте, немесе олигархиялық құрал жолымен, атап айтқанда – байлықты өкілімен бөлу арқылы биліктің өзіне әсер ету. Проблема мынада, ол адамдар өз елдерінің экономикасына сенімсіздік танытып (бәлкім, кейде дәйекті де), өз капиталдарын елге қайтармаған, тіпті жеке бизнестерін дамыту үшін де.
Бұл «Тұран-Әлем» (БТА – ҚазТАГ) банкінің қызметі мысалында жақсы көрінеді. Осылай басқа банкілер әрекет етулерін жалғастыруда. Бірақ ұзақ уақыт бойы төтенше юрисдикция, сенім қорының ауыр жүйесін құрастыру арқылы елден шығарылған ақшаларды қорғауға болатын оффшорлық аймақтар деп саналып келген еді.
Алайда капитал ағынынан зардап шеккен елдер, және, ең алдымен, ЕО еуроны енгізгеннен кейін, оффшорлық аймақтарға қарсы белсенді күресті бастап, әртүрлі тетіктер ойлап тапты. Үлкен жетілік елдері қаржы министрлерінің, Ресейдің қатысуынсыз, кездесуіне назар аударғандар кемде-кем, онда билікте отырған тұлғалардың транзакцияларын қатаң бақылауға алу шешімі туралы айтылған еді.
Тізімге әлемнің бірқатар президенттері, премьер-министрлері, жақын ортаның адамдары ілікті. Тізім ұзақ. Одан өзге, ұзақ уақыт бойына қаржыгер Джордж Сорос бүкіл әлем бойынша шикізат секторында жұмыс істейтін өзара өңдеу концессиялары бар компаниялар мен билік байланысы деректерін іздейтін «Жаһандық куәгерлер» ұйымын қаржыландырады.
Әрі қарай – күш-жігерді біріктіріп, «ақжағалық қылмыстарды» тергеумен айналысатын журналистер өте жиі ақпарат бере бастады. Бірақ американдықтар одан әрі кеткен, онда ФБР-дан бөлек, бір-біріне тәуелсіз тағы екі агенттік қаржы нарығы мониторингі мен лас ақшалардың жылыстауы саласындағы заңнамалардың бұзылуымен айналысатын.
Бұнда алға жылжу АҚШ билігі бірнеше жыл бұрын «тоқылдақтарды» (яғни заңның бұзылуы туралы іштен хабарлайтын инсайдерлер) тәркіленген капиталдан 3%-дан тіпті 10%-ға дейін ақшалай сыйақылармен марапаттай бастаған кезде болды. Сол кезде бірнеше ірі істердің беті ашылды, мәселен, Siemens ісі. Бай-шонжарлар ол туралы біледі, бірақ бұл оларға кесірін тигізбейді деп сенеді. Ал олардың активтері қатаң есепке алынған, және бұл кем дегенде үлкен жетілік елдері мен еуропалық билікке белгілі.
Бірақ кенеттен майдандағы оқиғаларға байланысты адамдардың активтерін қатыру міндеті туғанда, ол бір түнде жүзеге асырылды. Кез келген елде ол тек ертең мүмкін болады. Сол себепті ресейлік басшылық өз бай адамдарына қаражатты Ресей экономикасына қайтару туралы пәрменді тектен-тек берген жоқ, және көбі расымен шетелдік активтерін сатып, қолма-қолдарын елге қайтарды. Сөйтсе де бұл міндеттің шешімі емес.

- Ал шешімі неде?

- Бәрін қайтару үшін шақырту аз, сенім керек. Адамдар шетелге ақшаларын екі себеппен алып кеткен: өзіндік жүйеге сенімнің жоқтығынан және ақшалары толығымен адал емес. Ал әзірге байлардың бір бөлігі   өз экономикасын нығайтуға жұмыс жасаудың орнына, ақшаларын батыстан оңтүстік шығысқа қарай тасып жүр.  Қомақты ақшалармен операция жасап, резервті валюта мәртебесіне ие болған елдер транзакцияның осындай түріне валюта юрисдикциясын тарататынын олар түсінбейді.
Ал қалай қашып құтылуға болады - ол мүмкін емес. Ең болмаса осы жерде кеңес бермесем де болар еді, дегенмен ешқандай транзакцияның құмға айналып кетпейтінін айтқым келеді.  Және Украинадағы Фирташтың, Қазақстандағы Рахат Әлиевтің жағдайындағыдай оларды табады, қалай жасыруға әрекет еткен әдістерін анықтайды. Сосын ол шоттарға тыйым салады.  Бұл уақыт пен себептің мәселесі.  

- Әлиевтің ісі өте ұзаққа созылып кетті, және АҚШ та, ЕО да оны анықтауға асықпайтын сияқты деген ой туады?

- Фирташ субъекті болып табылатын АҚШ-тағы тергеудің өзі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.   Ал оны қамауға алу мен шотына тыйым салу  жылдамдығы майдандағы жағдайлармен байланысты  болатын.   Әлиевтің ісі де сондай, бірақ жағдай басқа.    Екі жағдай. Австрияда елші болып жүріп, ол өзінің байланысын, әр елдегі заңгерлерін, австриялық саяси жүйені тиімді пайдаланып, биліктегі және билікке әсер ететін ірі тұлғаларды өзінің кепілгерлеріне айналдырған.
Енді олар қалай десе де, өз өздеріне зиян келтіреді. Іс ұшқары да, дұрыс та жүргізіліп жатқан жоқ. Сондықтан жергілікті билік оны Мальтаға жіберу үшін барын салды.  Ал енді мальталық билік оның тыйым салынған  активтерін және т.б. тастап басқа жаққа кетуіне барын салуда.    Міне осыны  батыстық үкімет қолға алуда. Дегенмен, әрине, қомақты ақшамен ұзақ өмір сүруге болады.  
Марқұм   Рофик Сотқымбаев бір кездері австриялық әділ сот органдарын мүлдем түсінбейтінін айтқан болатын.  Мен оның жерлесімін және оның мұңы маған да жетті, мен оған процесті қалай қайта бастау керектігі, қазақстандық органдарға жаңадан өтініш жасау және оларды оның ізіне түскен адамға қарсы процесс бастауға мәжбүрлеу, шамамен сол адамның активтері болуы мүмкін елдердің әрқайсынан  қорғаушы табу туралы кеңес бердім, - және бұл өз нәтижесін де берді. Алайда ол ұзаққа созылды, мен түсінемін, Сотқымбаев нәтижесіне жетпей көз жұмды.
Және сіз еске түсірген істер бойынша тексеруді созбалаушылар да президент күзетінің бұрынғы офицерлері Афанасенко мен Ибраевтың, өлтірілген «Нұрбанк» менеджерлерінің жесірлерінің де шыдамы жетпеуі мүмкін деп санайды. Алайда ЕО үшін де бұл үлкен проблема туындатып отыр, тіпті демократиялық елдерде де жазалау жүйесі іркіліп, тиімсіз болуы мүмкін.  

- Сонда бұл дегеніңіз Алтынбек Сәрсенбаевтың тумаларына сіз айтқандарға және Рахат Әлиевті іздеушілерге қосылудың еш мәні жоқ дегенді білдіре ме?

- Марқұм Алтынбек Сәрсенбаевтың отбасы мүшелеріне өзімнің осы процеске қатысуға дайын екендігімді айтқым келді. Алдымен сауатты түрде тиісті қазақстандық органдарға тумаларының іске қатысты құжаттарды өз қолдарына алу туралы өтініш жасаулары, соның негізінде өзіндік қорытындыға келулері керек.  Оларды ең болмағанда шағым жасап, азамат Әлиевтен Алтынбектің балаларының болашағын қамтамасыз ету үшін материалдық залалды өндіріп алуға шақырамын.   Әлиевтің тыйым салынған  активтері мен меншіктерінің ұзын-сонар тізімі бар.

- Бұл дегеніңіз Еуропадан әділдік іздеу  жолында Қазақстандағы шағымданушылар қандай да бір деңгейде өз прокурорларына сүйенуі керек дегенді білдіре ме?

- Оларды Батыстағы процестің дұрыс құрылуы үшін сауатты қолдану қажет. Бар болғаны сол.   Мәселе сол прокурорлардың сайлануы мен сауаттылығына байланысты.  Дегенмен іске басқаша қарайық.  Қазақстандық органдардың өздері  мәселе Әлиев және оның тобы сияқты жағдайларға қатысты болғанда батыстық әріптестерінен шетелде құқықтық көмек көрсету туралы   қайта-қайта сұраныс жіберіп жатыр ғой. Алайда олар осы сұранысқа деген дұрыс қарым-қатынасқа да иек арта алмайды, әзірге өзіндік әділ сотта таңдау тұрғысы тайға таңба басқандай көрініп тұр.
Ибраев пен Афанасенко адвокаттарының олардың ісін қайта қарау туралы қазақстандық прокуратураға өтініш жасағандарын білемін.  Тіпті менің өзіме қатысты сот үкімі бойынша да прокуратураға істің қалай болғанын және шынайы құжаттардың бумаларымен жоғалып кеткендігін дәлелдейтін   әдемілеп өрнектелген шағым түскенін де білемін.     Бірақ баяғы жартас – бір жартас.
Қазақстанның әлі бірнеше рет құқықтық көмек көрсету туралы Еуропаға өтініш жасайтынына сенімдімін. Еуропадағы бұрынғы премьерлер де, министрлер де, лоббистердің ешқайсы да көмектеспейді, себебі олардың ондай әрекеттері еркіндіктерінен айыруға әкеліп соғуы мүмкін.  Егер осындай іріктеушіліктен арыла отырып, өз ұстанымымызды өзгертпесек, ішкі рәсімдерімізді ауыстырмасақ,  мемлекетке қандай да бір қолдауға сенім арту іске аспайтын нәрсе.  

adimage