Алматы. 25 маусым. ҚазТАГ – Хакерлер 10-нан астам ірі әлемдік телекоммуникациялық компаниялардың желісін бұзды және жеке деректерге қол жеткізді, деп хабарлады Reuters.
«Хакерлер 10-нан астам ірі әлемдік телекоммуникациялық компаниялардың желісін бұзып, жеке және корпоративті мәліметтердің үлкен көлемін ұрлаған. Cybereason киберқауіпсіздік жөніндегі америкалық компаниялардың тергеушілері үкімет мүшелері, құқыққорғау органдарының қызметкерлері мен саясаткерлер туралы ақпарат алу мақсатында 30-дан астам елдің компанияларының желісін бұзған деп мәлімдеді», - делінген хабарда.
Бұл ретте Cybereason зардап шеккен компаниялар мен елдерді атаудан бас тартты, бірақ хаккерлердің бұрын APT10 деген атпен белгілі қытайлық хакерлер тобының құралдарын пайдаланғанын айтты.
Басылым атап өткендей, Бейжің әлі де Батыс Еуропадағы телекоммуникациялық операторларды көздеп отыр.
Басылым ақпарынша, кейбір жағдайларда хакерлер өздері қызықтырған мекемедегі қолданушының аты мен пароліне де қол жеткізіп отырған. Олар сондай-ақ, жеке мәліметтерді де алған, соның ішінде шоттары, қоңырау жазбалары туралы ақпарат та бар.
Қатысты сілтемелер
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58