Халықаралық Түркі академиясының президенті Назарбаеқа қазіргі қызметі және жоспары туралы есеп берді

Күні: 17:52, 05-04-2019.

Алматы. 5 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Халықаралық Түркі академиясының қазіргі қызметі және алдағы жұмыс жоспары туралы мәлімделді.
Әңгімелесу барысында Д.Қыдырәлі Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.
Халықаралық Түркі академиясының президенті, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалардың негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысы жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар, Д.Қыдырәлі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа түркі әлемінің тарихына және тәуелсіз Қазақстанның дамуына арналған бірнеше кітап пен туындыны таныстырды.
.


Жаңалықтармен бөлісу: