Алматы. 9 тамыз. ҚазТАГ – Халықаралық тау фестивалі Алматыда қыркүйекте өтеді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық тау туризмі мен спортты насихаттауға арналған халықаралық Almaty Mount Fest фестивалі Алматыда төртінші мәрте 2-5 қыркүйек аралығында өтеді. Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шаралар негізінен биік таулы «Медеу» және «Шымбұлақ» курорттарында өтеді», - делінген хабарда.
Бірнеше күнге жалғасатын шара барысында кәсіби және әуесқой спортшылар тауға жылдам шығу, топтық саяхат, тау велосипедімен түсу және альпинистік өрмелеу секілді жарыс түрлеріне тегін қатыса алады.
Ұйымдастырушылар фестивальге 6 мыңнан астам адам келеді деп күтуде.
Барлық ақпарат www.mountfest.kz.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34