Халық банк Алматыда заңды тұлғаларға арналған жаңа бөлімшесін ашты

Күні: 14:30, 06-02-2019.

Алматы. 6 ақпан. ҚазТАГ – Халық банк Алматыда заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін Business форматында жаңа бөлімшесін ашты, деп хабарлады банктің баспасөз қызметінен.
«Бүгін біз жаңа бөлімшемізді ашамыз, онда заңды тұлғаларға арналған сервис бойынша банктің атына айтылған ұсыныстарды ескеруге тырыстық. Біз кәсіпкерлер, есепшілер тарапынан айтылған барлық сұранысты зерделедік және сол клиенттік тәжірибені бизнеспен барынша тиімді жұмыс жасау және клиентке бағытталуды арттыруда қолдануға тырысамыз», - деп келтірілген хабарда банк басқармасының төрағасы Үміт Шаяхметованың сөзі.
Баспасөз қызметінің ақпарынша, Халык банктің операциялық қызметін 200 мыңнан астам мекеме пайдаланып отыр.
«Жаңа алматылық бөлімшеде 5 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетіледі деп күтілуде», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: