Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Халықты Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен солтүстігіне қоныс аудартқанда жалақы мәселесі басты проблема болып отыр, деп хабарлады ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.
«Халықты оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. (…). Бұл ретте басты мәселе – жалақы мәселесі. Біз қазір қай өңірлерде жұмыстың жақсы жүргізіліп жатқанына, қай өңірлерде әлі де жасау керегіне мониторинг жүргізіп жатырмыз», - деді Сапарбаев сейсенбідегі үкімет отрысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, қоныс аудару бағдарламасы 350 мыңнан астам қазақстандықты қамтыған.
«Оларды тұрақты жұмыс орындарымен қамту жоспарлануда. Өздеріңіз көріп отырғандай, қазір қаншама жұмыс орныдары ашылды. Қазір 358 мың қазақстандық осы шарамен қамтылды, оның 95 мыңы - жастар», - деп атап өтті министр.
Халықты Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен солтүстігіне қоныс аудартқанда жалақы мәселесі басты проблема болып отыр
