Ханзада Аға Хан IV Қырғызстанға сапармен келді

Күні: 11:15, 03-11-2014.

Алматы. 3 қараша. ҚазТАГ – Қырғызстанға 2 қарашада Аға Хан IV сапармен келді, деп хабарлайды ҚырТАГ.
Аға Ханның даму желісінен (АКДН) хабарлағандай, ханзаданың Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен, премьер-министр Джоомарт Оторбаевпен және жогорку кенеш спикері Асылбек Жээнбековпен кездесуі жоспарланған.
Өзінің сапары барысында Аға Хан Нарында болып, Орталық Азия университеті (ОАУ) кампусының негізгі аумақ құрылысында қол жеткізілген прогресті көзімен көреді, облыстық және жергілікті билік өкілдеріне Нарын қ. ОАУ кампусының ашылуын қосқанда, соңғы өзгерістер мен жетістіктер туралы айтып бермекші. Университет 2016 жылдың қыркүйегінде бакалавриат бағдарламасының алғашқы студенттерін қабылдайды. Оның және Қырғызстан, Тәжікстан мен Қазақстан президенттерінің ықпалымен негізі қаланған ОАУ канцлері ханзада болып табылатыны атап көрсетілген.
Сондай-ақ ханзада Аға Ханның даму ұйымының (АКДН), экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму саласында жұмыс жасайтын агенттіктер тобының құрылтайшысы және төрағасы болып табылады.
Қырғызстанда АКДН 2000 жылдан бері жұмыс істеп, Аға Хан мектебі, музыкалық шығармашылық саласындағы Аға Хан бастамасы, «Бірінші шағын несиелік компания», Қырғыз бастамалық-несиелік банкі (KICB), «Джубили Қырғызстан Иншуренс Компани» сақтандыру компаниясы мен Ош және Нарын қалаларында ауылдық жерді дамыту, балаларды мектепке дейінгі дамыту, денсаулық сақтау, білім беру және табиғи апаттар қатері мен салдарын жұмсарту саласында өз қызметін іске асыратын Аға Хан қоры секілді жобаларды жүзеге асырып келеді.
Аға Хан исламның шейіт бұтағы бойынша мұсылман-ысмайылшылдардың 49-ізбасар имамы (рухани көшбасшысы) болып саналады.


Жаңалықтармен бөлісу: