ҚХДР мен Оңтүстік Корея басшылары саммит қорытындысы бойынша ортақ құжатқа қол қойды

Алматы. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – ҚХДР Мемкеңесінің төрағасы   Ким Чен Ын мен Корея Республикасының президенті  Мун Чжэ Ин Пхеньяндағы келіссөздер қорытындысы бойынша ортақ құжатқа қол қойды. Оқиға орнынан Сеулде ұйымдастырылған кореяаралық саммитінің баспасөз орталығы хабар таратуда, деп жазады   ТАСС.
«Екі ел көшбасшылары құжатқа өз қолдарын қойды, сосын бір-бірінің қолын алып, суретке түсті. Қол қою рәсімі «Пэкхвавон» мемлекеттік резиденциясында өтті, ол жерде саммит кезінде  Мун Чжэ Ин тұрып жатты», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 18-20 қыркүйек аралығында ҚХДР астанасында тарихтағы бесінші және ағымдағы жылғы үшінші кореяаралық саммит өтіп жатыр.  Алғашқы екі раунд Пхеньянда 2000 және 2007 жылдары  оңтүстік кореялық президенттер Ким Да Чжун мен Но Му Хеннің және марқұм солтүстік кореялық лидер Ким Чен Ирдің қатысуымен өткен болатын.  


adimage