«Хлопкопромцеллюлоза» күн сайын ОҚО-дан Ресей нарығына 30 тонна өнім жеткізіп отыр

Шымкент. 20 қазан. ҚазТАГ – Күн сайын Оңтүстік Қазақстан облысыныдағы «Хлопкопромцеллюлоза» ЖШС («Мақтаөнеркәсіпцеллулоза» ЖШС) Ресей нарығына 30 тонна өнім жеткізіп отыр, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Күн сайын Оңтүстік Қазақстан облысыныдағы «Хлопкопромцеллюлоза» ЖШС Ресей нарығына 30 тонна өнім жеткізіп отыр. Целлюлоза шығаратын Шымкент зауыты көрші елдерге жеткізілімдерін арттырды», - деп хабарлады облыс әкімшілігінен.  «Хлопкопромцеллюлоза» зауыты бес жылдан бері төмен сортты мақта мен оның қалдықтарын көптеген кәсіпорындарда сұранысқаие өнімге айналдырып отыр.
«Жұмыс күндіз-түні тынбайды, 200-ден астам адам үш ауысымда жұмыс істейді. Өнімді ресейлік зауыттар сатып алуда. Баз біреулер өңделген целлулозадан оқ дәрісін жасайды. Баз біреулер одан ақша купюросын және басқа да құнды қағаздар жасауға қолданады. Ал үшіншілері Шымкент зауытының өнімін бояу өндірісіндегі өте қажет құрамдасы ретінде пайдаланады», - деп түсіндірді әкімшіліктен.
«Ресейлік ірі кәсіпорындар үшін өте құнды шикізатты ерекше жабдықта өндіреді. Ол төменгі сортты мақтаны әппақ етіп тазартады. Қазақстанда әзірге ондай кәсіпорын жоқ», - дейді облыс әкімшілігінде.
Қазір кәсіпорында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ондағы мақсат – өндіріс қуатын арттыру. «Қазір біз 5 мың тонна целлулоза, 4 мың тонна техникалық КМЦ (карбоксиметилцеллюлоза) өндіріп отырмыз», - деді «Хлопкопромцеллюлоза» ЖШС директор орынбасары Аразғали Аманов.
Одан басқа, кәсіпорында сапасыз мақтадан ұнтақ жасауды игерді, ол тамақ өнеркәсібінде майонез, қаймақты, шырындарды қойылтқыш ретінде қолданылады.

adimage