ХОК AIBA-ны мойындалу мәртебесінен айыруды бекітті

Астана. 27 маусым. ҚазТАГ – Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Халықаралық бокс қауымдастығын (AIBA) мойындалу мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Лозаннада Халықаралық Олимпиада комитетінің 134-сессиясы аяқталуға жақын. Шара барысында ХОК Халықаралық бокс қауымдастығын (AIBA) мойындалу мәртебесінен айыруды бекітті. Аталмыш шешімді ХОК мүшелері ұзаққа созылған және қызу пікірталастан кейін бірауыздан қабылдады. Мәселен, негізгі сұрақтар 2020 жылғы Олимпиада ойындарында бокстан квалификациялық жарыстар мен турнирлерді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндеттелген мақсатты топқа бағытталды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда айтылғандай, оған Халықаралық гимнастика федерациясының басшысы Моринари Ватанабэ жетекшілік етеді.
«Оған Уильям Фредерик Блик (Уганда), ХОК мүшесі, Вилли Кальтшмитт Лухан (Гватемала), ХОК Атқару комитетінің мүшесі, Махмуд Меданси (Мысыр), ХОК спортшылары комиссиясының мүшесі, Мариус Визер (Румыния), Халықаралық дзюдо федерациясының президенті енген», - деп хабарлады ҚР ҰОК.
Хабарда атап өтілгендей, бұған дейін аталмыш топ бокс турнирінің жарыс бағдарламасының жобасын ұсынған болатын. Олимпиада-2020-да ол 13 салмақ санатында өтеді (ерлер арасында - сегіз және әйелдер арасында 5 салмақ бойынша). Квалификация келесі жылдың қаңтарында басталады.
"AIBA өз құқығын Токиодағы Олимпиада ойындары өткеннен кейін ғана қалпына келтіре алады. Атап өтілгендей, ХОК мүшелері AIBA-ның ұзақмерзімді «жарқын келешегіне» көлеңке түсірген», - делінген хабарда.
Еске салсақ, Олимпиада ойындары -2020 Токиода 24 шілде – 9 тамыз аралығында өтеді.

adimage