ХОК Олимпиада ойындарының бағдарламасына киберспортты қосуды жоспарлап отырған жоқ

Күні: 11:38, 03-09-2018.

Алматы. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Халықаралық олимпиада комитеті Олимпиада ойындарының бағдарламасына киберспорт түрлерін қосуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлады  «Известия».
«Компьютер ойындары зорлық-зомбылықты насихаттайды, бұл олимпиада құндылықтарына қарама қайшы. Әрине кез келген күрес адамдар арасындағы шынайы төбелестен бастау алады. Бірақ спорт – бұл төбелестің заманауи түрі. Егер киберспортта біреуді өлтіру керек болса, ондай спорт Олимпиада ойындарына қосыла алмайды», - деп мәлімдейді ХОК президенті Томас Бах Associated Press басылымына берген сұхбатында.
Хабарда нақтыланғандай, ХОК президентінің мәлімдемесі Азия Олимпиадасы кеңесінің 2018 және 2022 жылдардағы Азия ойындарының түрлері тізіміне киберспортты қосу туралы шешімі барысында айтылды. Биылғы ойындар индонезиялық Джакарта мен Палембангте өтеді. Бағдарламаға киберспорттың нақты қай түрлерінің енгізілетіні әзірге белгісіз.  


Жаңалықтармен бөлісу: