Астана. 12 наурыз. ҚазТАГ – Хоккейден Қазақстанның ерлер командасы Красноярскіде Универсиада-2019 ойындарында үшінші орын үшін матчта жеңіліс тапты, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Қола медаль үшін ойында біздің хоккейшілер канадалықтармен кездесті. Матч 0:3 есебімен канадалықтардың жеңісімен аяқталды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Ақпарға сәйкес, есепті Айдан Александр Уоллас ашты. Ал Даниэль Патрик Дель Паджо есепті алшақтатты. Үшінші кезеңде нүктені Стефан Андерсон Харпер қойды.
«Осылайша, Қазақстан төртінші орын алды. Финалда Ресей мен Словакияның командалары кездеседі», - делінген баспасөз парақшасында.
Хоккейден Қазақстан құрамасы Универсиада-2019 ойындарында 4 орын иеленді
