ҚХР Қазақстанға жеңілдік кредит бермекші

Күні: 12:16, 25-10-2018.

Астана. 25 қазан. ҚазТАГ – ҚХР ҚР үкіметінің 2018 жылдың 19 қазанындағы №662 қаулысына сәйкес Қазақстанға жеңілдік кредит бермекші.
«Қазақстан Республикасының үкіметі ҚР парламенті мәжілісінің қарауына ҚР «ҚХР-дың жеңілдік кредит ұсынуы туралы ҚХР үкіметі мен ҚР үкіметі арасындағы шекті келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын енгізуге қаулы етті», - делінген үкімет қаулысында.  
«2018 жылдың 7 маусымында Бейжіңде жасалған ҚХР-ның жеңілдік кредит ұсыну туралы ҚХР үкіметі мен ҚР үкіметі арасындағы шекті келісім мақұлдансын»,- делінген ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығында.  


Жаңалықтармен бөлісу: