ҚХР-да пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ - Қытай астанасының орта деңгейдегі соты ҚХР темір жол министрлігінің бас инженерінің орынбасары Чжан Шугуанды өлім жазасына кесті, деп хабарлады  «Синьхуа» агенттігі.
Жазалаудың ең жоғарғы шарасы екі жылдан кейін орындалатыны айтылған.
Сонымен қатар   Чжан Шугуан саяси құқығынан айрылып, барлық мүлкі тәркіленген.  
Бұған дейін ол 47 млн юань ($7,68 млн) көлемінде пара алғанын мойындаған болатын.  Бұл қаражатты шенеунік 2000-2011 жыл аралығында пойыздарды және олардың толымдаушыларын жеткізу туралы келісімшартқа тұру үшін 14 компаниядан алса керек.  
Чжан Шугуанның ҚХР темір жол бұрынғы министрі   Лю Чжицзюнюға жақын болғандығы айтылған. Ведомствоның бұрынғы басшысы да былтыр екі жылдан кейін жүзеге асырылатын өлім жазасына кесілген болатын.  Тергеу анықтағандай,   пара алған және лауазымын асыра пайдаланған деп айыпталған  Лю Чжицзюнь  1986 - 2011 жылдары түрлі тұлғалардан  64,6 млн юань($10,53 млн) пара алған.
2013 жылдың наурызында ұлт өкілдерінің бүкіл Қытай жиналысының 12-шақырылымының 1 -сессиясында қабылданған  үкіметті қайта құрылымдау жоспарына сәйкес ҚХР темір жол министрлігі қысқартылды.  Бұл ведомствоның коммерциялық міндеттері Қытай   темір жол қауымдастығына берілді, ал әкімшілік қызметтері - ҚХТ көлік министрлігі жанындағы мемлекеттік темір жол басқармасына берілді.  

adimage