ҚХР-дағы ҚР экс-елшісі ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбсары болып тағайындалды

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы экс-елшісі Шахрат Нұрышев ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды», - делінген жұмадағы Ақорда хабарында.

adimage