Әкімдік Астанаға қашан жылу берілетінін түсіндірді

Күні: 12:23, 11-09-2018.

Астана. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанаға жылу қашан берілетінін елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі түсіндірді.  
«Астанадағы жылу маусымын өткізу ережесі орта тәулікпен сыртқы ауа температурасы +10 °С және бес тәулік ішінде Астана қалалық жергілікті атқарушы органы жылу маусымының басталғаны туралы шешім қабылдайды»,- делінген хабарда.
Басқаша айтқанда егер орта тәулікпен көше температурасы бес күн ішінде +10°С болса, алтыншы күні астананың пәтердегі тұрғындарына көптен күткен жылу жіберіледі. Ең бірінші кезекте – әлеуметтік маңызы бар объектілер балабақшалар, мектептер, ауруханаларға беріледі. Қоғамдық нысандардың артынша қалалықтардың пәтеріне жылу барады.
«Сыртқы ауа райының температурасын жылу маусымының бастапқы және аяқталар кезде мемлекетаралық 4.02-02-2004 «Жылу желісі» нормативімен анықтайды, яғни жылу жүйесін жобалау үшін сыртқы ауа райы есептік температураға тәуелді», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.  


Жаңалықтармен бөлісу: