Үкімет ауыл шаруашылығы министрлігінің функцияларына өзгеріс еңгізді

Астана. 24 маусым. ҚазТАГ – Үкімет ауыл шаруашылығы министрлігінің функцияларына өзгеріс еңгізді, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 15-тармақта (функциялар – ҚазТАГ): 344) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «344) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту мен реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жоспарларын әзірлеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 345-1) тармақшамен толықтырылсын: «345-1) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды әзірлейді және бекітеді;»; 349) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «349) жайылымдарды қалпына келтіру, сақтау, ұтымды пайдалану және түбегейлі жақсарту үшін жайылымдарға геоботаникалық зерттеп-қарау мен мониторингілеуді, ғылыми-зерттеу, іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады», - деп үкімет қаулысында айтылған.

Қаулы қолданысқа енгізілді.

Фото көзі: gov.kz


adimage