Астана. 3 тамыз. ҚазТАГ – Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес», - деп жазды Тоқаев дүйсенбі күні Twitter парақшасында.
Президент бүкіл әлемде пандемияның өршіп тұрғанын, оның Қазақстанды да айналып өтпегенін атап өтті.
«Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр. Даңқты палуан, қоғам қайраткері Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары», - деп атап өтті президент.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26