Үкімет «Самұрық-Қазына» капиталына Т26 млрд құйды – ҚР ҰЭМ

Астана. 8 шілде. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ капиталына Т25 999,6 млн-ға төлем жасалған, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінен.
«Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға Т25 999,6 млн төленді», - делінген сәрсенбіде орналастырылған бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру мониторингі нәтижесі туралы министрлік есебінде.
Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдауға «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жарғылық капиталын кейіннен ұлғайту үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға 2020 жылға жоспарланған Т30 млрд.-ның Т20 млрд. төленген.

adimage