Үкімет ШОБ-тің ЕТҚ, жалға алу және комтөлемдерін компенсациялауы керек – ҚР мәжілісі

Астана. 27 қаңтар. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Үкімет Қазақстанның шағын-орта бизнесінің (ШОБ) еңбекақы төлеу қорын, жалға алу және коммуналдық төлемдерін компенсациялауы керек, деп мәлімдеді «Ақ жол» партиясы фракциясының атынан ҚР мәжіліс депутаты Азат Перуашев.
«Зардап шеккен бірақ жұмыстарын қайта бастаған ШОБ-қа тікелей қаржылай қолдау көрсететін кез келді, қолдау жұмысшылардың еңбекқыларының жартысын, жалға алу және коммуналдық төлемдердің 50% компенсациялау арқылы жүргізілуі керек», - деді Перуашев.
Оның айтуынша, COVID-19 пандемиясы салдарынан туындаған экономикалық дағдарысқа қарсы іс-қимыл аясында қаржылай қолдау тікелей көрсетілуі керек, банктер, кредиттерді субсидиялау не болмаса оларды кейінге шегеру арқылы ғана емес.

adimage