Әкімшіліктегілер Маңғыстау облысында еңбек дауының төмендегенін айтып отыр

Астана. 31 шілде. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында еңбек дауының саны азайып келеді, деп мәлім етті облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ильмұхамбетова.
«Нақты цифрлар көрсетіп отырғандай, өңірде еңбек дауы айтарлықтай азайды», - деді ол жұма күнгі брифингте.
Осыған байланысты ол өткен жылдардағы оқиғаларды еске салды.
«Шынымен де өткен жылдары туындаған бірқатар еңбек дауы біздің де көңілімізді түсірген. Биыл жыл басынан бері бізде 4 еңбек дауы тіркелді. Ол өткен жылдардағыдан есеге аз. Егер еңбек дауының құрылымы тұрғысынан келсек, егер бұрын еңбек дауы жалақы мөлшерінің, әлеуметтік пакеттің аздығынан, еңбек жағдайына шағымдаудан туындаса, бүгіндері туындаған еңбек дауы әкімшілік сипаттағы мәселелер, яғни ол ұжымның ішіндегі локальды нәрселер болып отыр», - деп түсіндірді әкімшіліктен.  
«Бүгіндері біз қандай да ерекше қауіпті көріп отырған жоқпыз. Олар негізінен өңірдегі мұнайгаз өндіретін компанияларда орын алды. Бүгіндері «ҚазМұнайГазбен» бірқатар шаралар жасалды. Ол жұмысшылардың жұмыс жағдайын жақсарту, мнайгаз өндіретін кәсіпорындарда еңбекақыны өтеудің бірыңғай жүйесін өзгертуге қатысты. Әрине, ол кезінде еңбек дауына түрткі болған көптеген мәселелерді шешіп тастады», - деп тұжырымдады ол.  

adimage