Кіші Алматы су алабында қар көшкінінің қаупі сақталып отыр

Күні: 12:57, 02-04-2019.

Алматы. 2 сәуір. ҚазТАГ – Кіші Алматы су алабында 2-5 сәуірде қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Кіші Алматы су алабында 2–5 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Қар көшкіні жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: