Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның Конституциялық кеңесі (КК) қазақстан республкиасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өтініші бойынша сарапшылар ретінде конституциялық құқық мәселелеріне мамандандырылған белгілі құқықтанушы ғалымдар тартылды, деп хабарлады КК басасөз қызметінен.
«Конституциялық Кеңес өтініш нысанасы бойынша халықаралық тәжірибеге, шет елдердің конституциялары мен заңнамасына, көрсетілген мәселелер бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне және басқа да материалдарға мұқият талдау жасайтын болады, бұл Кеңестің тұрақты қызметі болып табылады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Ақпаратта атап өтілгендей, кез келген басқа өтініш сияқты, қазіргі уақытта Конституциялық Кеңес Төрағасының өкімімен баяндамашы тағайындалды.
Мүдделі мемлекеттік органдарға қорытынды беру туралы сұраулар салынды.
«Өтініш бойынша сарапшылар ретінде конституциялық құқық мәселелеріне мамандандырылған белгілі құқықтанушы ғалымдар тартылды. Материалдарды дайындау аяқталғаннан кейін Конституциялық Кеңестің отырысы өтеді, онда мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілердің пікірлері тыңдалады», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, өз өтінішінде Республика Президенті мына мәселеге жауап беруді сұрайды:«Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінің тізбесі толық болып табылады ма?».
Еске салсақ, 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсіндіру туралы өтініші іс жүргізуге қабылданған еді. Сейсенбіде мемлекет басшысы бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасап, Қазасқтанда мерзімінен бұрын сайлау болмайтынын айтқан болатын.
КК президенттің өтініші бойынша сарапшылар ретінде белгілі құқықтанушы ғалымдарды тартты
